Медициналық консьерж қызметі

MEDICAL SOLUTION TOUR - Қазақстан азаматтарына, алыс және жақын шетелден келген науқастарға кешенді медициналық көмек көрсетуге бағытталған инновациялық медициналық жоба.

Ересек науқастар үшін мыналар ұсынылады:

✅ Қазақстанның ең дамыған қалаларында сапалы емдеу:
— Алматы (онкология, паллиативтік көмек, онкологиялық диагностика) және
— Астана (нейрохирургия, нейрореабилитация);

✅ әлемдік медицина стандарттарының сапасы мен науқастардың қауіпсіздігіне сай жоғары ғылыми жетістіктер негізінде озық технологияларға қол жеткізу.

Біздің серіктес медициналық орталықтар Joint Commission International (JCI) халықаралық аккредитациядан өткен – медициналық көмек сапасының, науқастардың қауіпсіздігінің және емдеудің заманауи әдістерін қолданудың «алтын стандарты».

Егер сіздің ауруыңыз шұғыл болса және мәселе жедел шешуді қажет етсе – әрекет ету керек!

Емдеу үшін қай дәрігерді таңдаған дұрыс? Кездесуді қалай ұйымдастыруға болады? Туыстарды қайда орналастыру керек? Бүкіл ем-шараның «толыққандық» құны қанша? Осы және басқа да сұрақтардың барлығына сіздің жағдайыңызда меңгеріп шыққаннан кейін нақты жауап береміз.

ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫ ҮШІН КОНСЬЕРЖ-ҚЫЗМЕТІ

Біздің кәсіби команда науқастың келу-кетуін және емделуіне арналған барлық логистиканы «толыққанды» ұйымдастыру негізінде жүзеге асырады.

Біздің ұйымдастыруымыздағы қызметтер:

  • емдеуші дәрігер мен емхананы жеке таңдау,
  • алынған медициналық құжаттар негізінде дәрігермен алдын ала онлайн кеңес беру,
  • сұраныс бойынша – үздік шетелдік серіктес клиникалардың жетекші мамандарының (Түркия, АҚШ, Германия, Испания және т.б.) қосалқы пікірі,
  • науқас пен оның туыстарына медициналық психологтың кәсіби көмегі;
  • медициналық орталықтың орбитасында арнайы, адал бағамен қонақ үйлерді брондау,
  • тегін қарсы алу, әуежайдан қонақ үйге / пәтерге / емханаға, қонақ үйден / пәтер / емханадан әуежайға дейін трансфер.

Сонымен қатар Алматы және Астана қалаларында біздің ұйымдастыруымызға кіретін міндеттер:
✅ Кәсіби медициналық кеңестер мен ұсыныстар беру үшін дәрігердің үйге баруы,
✅ клиникаға тасымалдау және ауруханаға жатқызу,
✅ тестілерді жинауда, скринингтік тестілерді, диагностиканы (ПЭТ-КТ, МРТ, КТ) ұйымдастыруда үйде көмек көрсету;
✅ Тұрақты бақылауды қажет ететін науқастарға үйде күтім жасау,
✅ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету (дәрілерді үйге жеткізу, дәрігерлік кеңес беру және дәрігерлердің дәрі-дәрмектерді тағайындауы),
✅ Оталардан, ауыр аурулардан кейінгі қалпына келтіру кезеңінде (реабилитолог дәрігер жеке бағдарлама әзірлейді),
✅ Қазақстандық және шетелдік шипажайларда ем-дом алуға қолдау көрсету.

Барлық мақұлдаулардан кейін 2 келісім-шарт жасалады. Науқас пен төмендегі бөлімдер арасында:
1. Medsolution,
2. Негізгі медициналық орталық.

Науқас сауығып, үйге жіберілгеннен кейін де өтініші бойынша денсаулығын қашықтан бақылауға мүмкіндік беріледі.
Medical Solution Tour сонымен қатар жоғары сапалы онкологиялық тексеру мен нейрореабилитацияны ұйымдастыруға көмектеседі.

_____________________________________

БІЗБЕН БАЙЛАНЫСУ ҮШІН БІЗГЕ ЖІБЕРІЛЕТІН ҚАЖЕТТІЛІКТЕР:

✅ сайттағы форма арқылы тапсырыс,
✅  қолыңызда бар медициналық қорытындылар мен медициналық суреттерді жіберіңіз немесе сайтта көрсетілген нөмірлерге хабарлама жазыңыз я қоңырау шалыңыз.

Әрбір ауру тарихы дара болғандықтан жеке бөлек есептеледі. Біз әрқашан байланыстамыз және мүмкіндігінше тезірек көмектесуге дайынбыз!

Сенімді денсаулық кеңесшісі ретінде әрекет ете отырып, Medical Solution Tour командасы әр науқастың психологиялық және физикалық жайлылығына ерекше мән береді. Біз ең үздік жеке емдеу жолын ұсынып қана қоймаймыз, оның ең жоғары медициналық және қызмет көрсету стандарттарына сай болуын қамтамасыз етеміз.

СІЗ БІЗДІҢ БАСТЫ НАЗАРЫМЫЗДАСЫЗ!
УАҚЫТЫҢЫЗ БЕН ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ САҚТАЙМЫЗ!

Біздің артықшылығымыз

сенімді дәрігерлер

Бізде қызмет ететін барлық мамандар біліктілігі, қызмет көрсету сапасы, тәжірибесі мен сәтті емдік көрсеткіштерінің саны бойынша сынақтан өтіп, іріктеледі.

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР

Науқастарды тексеру, емдеу және сауықтырудың ең заманауи әдістері қолданылады. Сондай-ақ біз мамандардың техникалық жабдықталуын үнемі қадағалап, науқастарды емдеу жағдайларын тексеру қызметін жүзеге асырамыз.

24/7 қызмет көрсету

Науқастарды барынша тиімді емдеумен қамтамасыз ету үшін Medical Solution Tour науқастарға тәжірибелі дәрігерлердің қызметін, озық медициналық технологияларды ұсына отырып,  психологиялық көмекпен, консьерж қызметтерімен, науқастардың барлық қажеттіліктері мен сұраныстарын ескере отырып, жекелендірілген жайлылықпен қамтамасыз етеді.

Емдеудің барлық кезеңдерінде қолдау көрсету

Біздің қызмет науқастарға үнемі қол жетімді. Біз дәрігерлердің күш-жігерін үйлестіреміз, әр науқастың денсаулық мәселелерін тез және тиімді шешу үшін жеке емдеу бағдарламаларын жасаймыз.

Лого Medsolution

Сұрақтарыңыз бар ма?

Егжей-тегжейлі
кеңес алыңыз